Өнертабыстың патентке қабілеттілік шарттары

Өнертабыстың патентке қабілеттілік шарттары
Өнертабысқа немесе пайдалы модельге патент алу үшін өтінімді толтыру және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсыру қажет. Өтінім бойынша белгіленген тәртіппен сараптама жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша патент беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады. Шешімді қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Патент заңының 5 және 7-баптарының ережелері назарға алынады. Патент Заңының 35-бабына сәйкес уәкiлеттi органның патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретінде тiркеу жөніндегі әрекеттерді жасағаны үшiн "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттiк баж алынады. Өнертабысқа (пайдалы модельге) патент алуға байланысты заңды маңызы бар әрекеттерді жасаған үшін төлем «Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорын іске асыратын жұмыстар мен қызметтерге бағалармен» белгіленеді.