СҚО Әділет департаменті қызметкерлерінің азаматтарды қабылдауы

СҚО Әділет департаменті қызметкерлерінің азаматтарды қабылдауы
2021 жылғы 26 қаңтарда «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әділет органдарының басқаруындағы мәселелерде халықтың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету, кеңестік көмек көрсету болды.
Аталған іс-шара шеңберінде жеке сот орындаушысының лицензиясын алу және алименттік төлемдерді өтеу бойынша сұрақтар келіп түсті.