Зияткерлік меншік саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу

Зияткерлік меншік саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
СҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі Петропавл қаласы өнертапқыштарының қатысуымен "Зияткерлік меншік саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу" тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Семинар барысында зияткерлік меншік саласында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жол бермеу мақсатында алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар барлық сұрақтарына жауап алды.