сот орындаушысының құқықтары мен міндеттері

сот орындаушысының құқықтары мен міндеттері
2021 жылдың 20 қазанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізу бөлімінің басшысы Ақлима Бекенова азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандарына «Атқарушылық шараларды орындау барысындағы сот орындаушысының құқықтары мен міндеттері» тақырыбында семинар өткізді.
Шара барысында баяндамашы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.