Тәркіленген мүлікті тапсыру

Тәркіленген мүлікті тапсыру

ҚР ӘМ СҚО ӘД “№3 сот актілерін атқару жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі” филиалының аға сот орындаушысы Ардақ Уразмбетова №3 Тайынша аудандық сотының үкімін орындау жөніндегі өндірістің аясында Тайынша ауданының Чкалов селосының полиция бөліміне барды. Бұл орайда, қылмыстық заңбұзушылық аясында тәркіленген мүлік - ВАЗ 21099 маркалы автокөлік мемлекеттік бюджетке, атап айтқанда СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсырылды.