Заседании коллегии Министерства юстиции РК

Заседании коллегии Министерства юстиции РК

2021 жылғы 15 қазанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Айдос Тоғызбаев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің онлайн-режимінде өткізілген алқа отырысына қатысты. Отырыста азаматтардың өтініштерін қарау жағдайы және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларын ескере отырып азаматтар көтерген жүйелі мәселелерді шешу бойынша дайындалған Кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысы қаралды. Сонымен қатар сот-сараптама қызметі саласындағы жеке ортаның қызмет ету жағдайы да сөз болды.