“Е-заңды көмек” ақпараттық жүйесі

“Е-заңды көмек” ақпараттық жүйесі

Еліміздегі цифрлендіру саясатының және “Адвокаттық қызмет және заңды көмек” Заңының 24-бабын жүзеге асыру аясында “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ заңды көмек көрсетудің біріңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша азаматтық қызметті және заңды көмек көрсетуді автоматтандыратын “Е-заңды көмек” ақпараттық жүйесін жасап шығарды. Аталған пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша СҚО әділет департаментінің мамандары кепілдендірілген мемлекеттік заңды қызметті көрсетуге қатысатын азаматтарды жүйеде тіркеу бойынша жұмыс жүргізеді.