ММИБ және ЖС жаңа ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша брошюралар әзірленді

ММИБ және ЖС жаңа ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша брошюралар әзірленді
Жұмыс істеп тұрған ПИК-тердің (пәтер иелері кооперативтерінің) орнына ММИБ (мүлік меншік иелері бірлестігі) немесе ЖС (жай серіктестіктер) келуі тиіс.
Олар «БІР ҮЙ – БІР БАСҚАРУ ОРГАНЫ (ММИБ немесе ЖС)» схемасы бойынша жұмыс істейді.
Бұл ПИК-ке балама, онда меншік иелері өз баспаналарын өздері қадағалап, жауап береді.
Соның негізінде СҚО Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі ММИБ және ЖС жаңа ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша брошюралар әзірледі.