«Е-Апостиль» электрондық апостилінің пилоттық жобасы

«Е-Апостиль» электрондық апостилінің пилоттық жобасы
«Цифрлық Қазақстан» жобасын іске асыру аясында Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті Қазақстанда «Е-Апостиль» электрондық апостилінің пилоттық жобасын іске қосты.
Е-Апостиль сервисіне сәйкес электрондық апостиль алуға өтініштерді қабылдау онлайн режимінде жүзеге асырылады, бұл өтініш берушілерге аталған қызмет бойынша Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де жүгінуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің ақпаратына сәйкес қазіргі уақытта Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің арасында Грузия, Австрия, Колумбия, Молдова, Жаңа Зеландия, Испания, Корея, Бельгия, Аргентина, Латвия, Чили сияқты елдерде және АҚШ-тың бір штатында электрондық апостиль іске асырылды.
Іске асырылған электрондық тіркелімнің компонентіне келесі елдер жатады: Андорра, Бахрейн, Бельгия, Болгария, Қытай (Гонконг), Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Грузия, Ирландия, Мексика, Никарагуа, Парагвай, Перу, Румыния, Ресей, Словения, Біріккен Корольдік, Уругвай және АҚШ-тың 7 штаты.