Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Мәмілелерді куәландырудың екі түрі бар – нотариалды куәландырылған мәмілелер және нотариалды емес.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - заң) 21-бабының 4-тармағына сәйкес-егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолының төлнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеруге міндетті. Тараптар құжаттың жобасын жасап, қолдардың түпнұсқалығын тексеру рәсімінен өту үшін тіркеуші органға келуге тиіс.
Мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолының төлнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру рәсімінің аяқталуын растау көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің шарт даналарына белгі қоюы және қол қоюы болып табылады.
Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) шарт немесе өзге де мәміле негізінде туындаған жағдайларда, оларды нотариат куәландырмаған кезде мәміленің барлық қатысушылары белгіленген тәртіппен өтініш беруге тиіс.
Нотариат куәландырған мәміле кезінде нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жібереді
Тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған кезде ЭҮТШ-да жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлемді, төлемнің толықтығын және электрондық чекте және құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін растайтын электрондық чектің болуын тексереді. Құқықтық талдаудан кейін жүргізілген тіркеу туралы не осы Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай – ақ мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына-олар болған кезде жібереді.
Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) нотариаттық тәртіппен куәландырылған мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша жүзеге асырылады.