СҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің жетекшісі Мария Томас Солтүстік Қазақстан облысының танымал жазушысы Михаил Гвоздевке құқықтық кеңес берді. Автор өзінің "Өлшем N" атты фэнтези жанрындағы кезекті басылымына авторлық құқықты тіркеу және Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркеудің басымдықтары бойынша кеңес алу үшін жүгінген.