Алименттік төлемдерді өндіруде тегін заңды қызмет көрсету

Алименттік төлемдерді өндіруде тегін заңды қызмет көрсету
СҚО әділет департаментінде “Алименттік төлемдерді өндіруде тегін заңды қызмет көрсету” тақырыбында жұмыс кездесуі өтті. Шараға жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшылығы, Адвокаттар алқасының адвокаттары, СҚО «ZANGER» заң кеңесшілері палатасының төрағасы, жеке сот орындаушылары қатысты. Кездесуге қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. ​ ​ ​ ​ ​ ​ СҚО әділет департаменті Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әр азамат кәсіби заңды кеңес алуға құқылы екенін хабарлайды. Алимент өндіру мәселесі бойынша заңды кеңестер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.