Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Айдос Тогузбаев «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында азаматтарды қабылдады. Тұрғындар әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша жүгіне алды. Аталған іс-шара барысында департамент басшысы жеке сот орындаушысының лицензиясын алу және алименттік төлемдерді өтеу бойынша келіп түскен мәселелерді қарастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әділет органдарына қарасты мәселелер бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету, кеңестік көмек көрсету болып табылады.