Атқарушылық жазбаны іске асыру бойынша кеңес берді  

Атқарушылық жазбаны іске асыру бойынша кеңес берді  
Әділет министрлігінің Кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында шілденің 13-інде СҚО әділет департаментінің мамандары сот орындаушыларымен бірлесіп атқарушылық жазбаны орындау бойынша кеңес берді. Азаматтарды қабылдау "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің алаңында ұйымдастырылды. 
Шара барысында кеңес алуға келген қала тұрғындарына  атқарушылық жазбаларды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптарды өндіру мәселелері түсіндірілді. Аталған жұмыстар Әділет департаментінде үнемі өткізіледі.