Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы Заңмен қылмыстық істің процестік құжаттарының тізбесі кеңейтілді, олармен қорғаушы іске кіріскен кезден бастап танысуға және олардың көшірмелерін алуға құқылы, тергеу судьясы анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымды қараған кезде, егер бұл туралы қорғаушы өтініш жасаса, сот отырысын міндетті түрде өткізу көзделген . Бұдан басқа, Заңда қылмыстық сот ісін жүргізудің бәсекелестігі мен ашықтығын күшейтуге ықпал ететін өзге де өзгерістер көзделген . Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібін реттеу бойынша бірқатар түзетулер енгізілді, атап айтқанда, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, автоматты режимде қорғаушы тағайындау мүмкіндігі енгізілді. Бұл жүйе қорғаушыны тағайындау процесін оңтайландыруға, уақыт пен материалдық шығындарды азайтуға, адвокаттарды тағайындаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, адвокаттардың тәуелсіздігін күшейтуге, тергеу органдарының "қалта" деп аталатын адвокаттарды қорғауға тарту мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, заң көмегінің ақпараттық жүйесін мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау мүмкіндігі іске асырылды.

Бұл ретте, ақпараттық жүйені пайдалану адвокаттардың міндеті болып табылмайды.