Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан  өткізу туралы хабарландыру

  «Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ, 150010,  Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72,  анықтама үшін телефон: 8(7152) 33-32-02, электрондық мекенжай: zha.abdrakhmanova@adilet.gov.kz тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы  жариялайды.

Өткізу күні 2021ж. 15 маусымда сағат 10-00.

Аттестаттау 2020 ж. 29.05. ҚР Әділет министрінің № 69 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес өткізіледі (әрі қарай-Қағидалар).

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы.   

Үміткердің ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін, ҚР Қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексін және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңын білуі.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңның 140 бабының  2 тармағында көзделген негіздер бойынша, нақтырақ, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар; Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мұндай оқиғалар болғаннан кейiн үш жыл iшiнде; теріс себептермен мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан шығарылған адам шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде; "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья лауазымынан босатылған адам босатылған күннен бастап бір жыл ішінде; жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаланған; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған; осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде жеке сот орындаушысы бола алмайды.

Құжаттар СҚО Әдiлет департаментінің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап өтінішті және құжаттарды "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Электрондық Үкіметтің»: www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Аттестаттау өткізу орны: СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 72, 401 каб.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

       1) Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.

       Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қызмет алушы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын құжаттарды пайдалануға келісім береді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе.