Республиканың ғылыми қоғамдастығы отандық ғылым корифейлерінің бірі академик Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдығын атап өтуде.

Республиканың ғылыми қоғамдастығы отандық ғылым корифейлерінің бірі академик Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдығын атап өтуде.

2021 жылғы 24 ақпанда СҚО Әділет департаментінің қызметкерлері М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Тарих, экономика және құқық факультетінің "Заң пәндері" кафедрасының ұйымдастыруымен "Отандық құқықтың алтын қазығы" өңірлік ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Конференцияға қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

 

Конференция барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ғылымға Еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Зиманов Салық Зиманұлының өмірбаяны мен еңбектері баяндалды. Оның ғылыми еңбектері қазақстандық қана емес, сондай-ақ әлемдік юриспруденцияның классикасы болып табылады.

 

С.Зиманов көп жылдар бойы еліміздің жоғары оқу орындарында дәріс оқып, заң факультетін басқарған. Жоғары білім беру жүйесінде тәжірибесі болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ол академиялық заң университетін құрды. Ол заңгерлердің ғана емес, сонымен қатар Қазақстан философтарының тұтас шоғырын тәрбиеледі.

 

Салық Зимановтың еліміздің еңселі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, келешегіміздің кемелді болуына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ірі қоғам қайраткерінің, ғалымның, аяулы азаматтың өшпес мұрасы ел тарихынан өзіндік орын алып, бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.