"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде туындайтын проблемалық мәселелер"тақырыбына онлайн режиміндегі жұмыс кездесуі.

"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде туындайтын проблемалық мәселелер"тақырыбына онлайн режиміндегі жұмыс кездесуі.
2021 жылғы 24 ақпанда СҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Қожахметованың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы В.А. Кириленконың, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары А. Ж. Құсайыновтың, сондай-ақ облыс алқасының адвокаттарының қатысуымен "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде туындайтын проблемалық мәселелер"тақырыбында онлайн-режимде жұмыс кездесуі өткізілді.
Осы іс-шараның қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
Мәлімет үшін 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті соттар, тергеу және анықтау органдары шығарған заң көмегіне ақы төлеу туралы қаулыларға жалпы сомасы 157 000 000 теңге төлем жүргізгенін, тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны-8714 болғанын хабарлаймыз.