Бүгін ұлы қайраткер Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл

Бүгін ұлы қайраткер Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл

СҚО Әділет департаментінің қызметкерлері М. Қозыбаев атындағы СҚVУ профессоры, оқытушысы  Зарқын  Тайшыбаймен өткізілген  конференцияға қатысты. 
Ол Салық Зиманұлы Зимановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі.

Салық Зиманұлы Зиманов-Қазақ және кеңес ғалымы, мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Салық Зиманов-10 томдық бай ғылыми-шығармашылық мұра қалдырған, мемлекет теориясы мен тарихына, саяси және құқықтық ілімдер тарихына, конституциялық құқыққа, қазақтың байырғы заңдары мен заң ғылымының өзекті мәселелеріне арналған көптеген монографиялар мен ғылыми еңбектер жазған адам.