2021 жылдың 17.02. СҚО Әділет департаменті СҚО Нотариаттық палатасының төрағасы мен СҚО НП Басқарма мүшелерінің қатысуымен семинар өткізді.
Семинар барысында 2020 жылға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер талқыланды.
Департамент тұрғындар тарапынан шағымдардың қабылданбауын және Нотариат туралы заңнама мен Әдеп кодексінің нормаларын сақтауды ұсынды.
Сондай-ақ, СҚО нотариустарының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының талаптарын сақтауына («дабыл кнопкасының», мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустардың болуы) назар аударылды.