Сайтта egov.kz анықтаманың келесі түрлерін алуға болады:

Сайтта egov.kz анықтаманың келесі түрлерін алуға болады:
Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөніндегі анықтама.
Жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама.
Мекенжай анықтамасы. Порталда мекенжай анықтамасын тек жеке тұлғалар ғана ала алады. Онлайн-қызмет 2007 жылғы 13 тамыздан ерте емес уақытта баланың туу туралы жазбасы жазылған азаматтар үшін қолжетімді.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама.
Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама.