Семинарда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің қызмет көрсетушілердің есептері бойынша тоқсан сайынғы мониторингі талқыланды.
Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығына баса назар аударылды.
Семинар соңында азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерді алудың қолжетімділігі мақсатында, қызметкерлерге «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыру ұсынылды.