
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде «Ашық есік күні» акциясы өтті
Акция аясында азаматтарға Департамент басшылығына, мамандарына, сондай-ақ сот орындаушыларына тікелей жүгіну мүмкіндігі ұсынылды.
Іс-шараға Департамент басшысы, оның орынбасары және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Олар азаматтарға жеке кеңес беріп, әділет органдарының қызметіне және сот актілерін орындауға қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер берді.
Акцияға қатысушыларға қажетті құқықтық ақпарат ұсынылып, әділет органдарына жүгіну тәртібі және атқарушылық іс жүргізу саласында туындайтын мәселелерді шешу жолдары түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және әділет органдары қызметінің ашықтығын нығайтуға ықпал етеді.