
2026 жылғы 8 шілдеде құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мәселелері бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында азаматтарға консультация өткізді.
📌Консультация барысында азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ қызметтерді электрондық форматта өз бетінше алу мүмкіндіктері түсіндірілді. Азаматтардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріліп, қажетті құқықтық-консультациялық көмек көрсетілді.