
«Заң және Тәртіп» нарративі аясында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, ауылдық жерлерде азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Құқық кабинеті» жобасының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында іс-шара өткізді.
Құқық кабинеті белгіленген талаптарға толық сәйкес жабдықталған. Онда құқықтық ақпарат алуға қолайлы жағдай жасалған, қажетті компьютерлік техникамен және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік органдардың e-Otinish.kz және eGov.kz ақпараттық жүйелеріне қолжетімді бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтамасыз етілген.
📌 Іс-шара барысында тұрғындарға әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық консультациялар беріліп, сондай-ақ «Құқық кабинеті» жобасының мүмкіндіктері мен оны пайдалану тәртібі түсіндірілді.