«Заң мен Тәртіп» нарративі аясында Николаев ауылдық округіне жұмыс сапары жүзеге асырылды.

«Заң мен Тәртіп» нарративі аясында Николаев ауылдық округіне жұмыс сапары жүзеге асырылды.

«Заң және Тәртіп» нарративі аясында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Есіл ауданының Николаев ауылдық округіне «Құқық кабинеті» жобасының жұмысын қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында жұмыс сапарымен барды.

«Құқық кабинеті» белгіленген талаптарға толық сәйкес жабдықталған. Онда құқықтық ақпарат алуға қолайлы жағдай жасалған, қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік органдардың e-Otinish.kz және eGov.kz ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

📌 Іс-шара барысында азаматтарға әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық консультациялар беріліп, «Құқық кабинеті» жобасының мүмкіндіктері мен оны пайдалану тәртібі түсіндірілді.