Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «Петропавл қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының аумақтық бөлім басшысы - аға сот орындаушысы Асель Сансызбаевна Галиева

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «Петропавл қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының аумақтық бөлім басшысы - аға сот орындаушысы Асель Сансызбаевна Галиева

Асель Сансызбаевна Галиева, 1983 жылы 27.09.туған, жоғары заңгерлік білімі бар: 2006 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлкеттік университетін бітірді. А.С. Галиева өзінің еңбек жолын 2007 ж. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ кеңесшісіболып бастады. 2007 жылдың шілде айынан бастап СҚО Әділет департаменті жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы болды. 2015-2020 жылдар аралығында СҚО Әділет департаментінің филиалдарында сот орындаушысы болып жұмыс атқарған. 2024 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «Петропавл қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының аумақтық бөлім басшысы - аға сот орындаушысы болып жұмыс істейді.   Жалпы еңбек өтілі 17 жыл 6 ай. Әділет органдарында еңбек өтілі 17 жыл. А.С. Галиева Әділет органдарында жұмыс атқарған кезеңінде өзін адал, жұмысты ұйымдастыра алатын кәсіби басшы ретінде көрсетті. СҚО Әділет департаментінде өткiзiлетін іс-шараларға белсендi катысады. Өз адал еңбегі үшін А.С. Галиева СҚО Әділет департаментінің грамоталарымен, СҚО әкімінің грамотамен және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.