Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!  Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің, халық сенімін ақтаудың және мемлекет мүддесіне адал еңбек етудің жарқын үлгісі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз еліміздің дамуына және азаматтардың әл-ауқатының артуына зор үлес қосуда.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!

Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!

Құрметпен,
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы
Е.Е. Рашкалиев.