2026 жылғы 22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің мамандары тегін заң көмегін көрсету мәселелері бойынша Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға тегін заң консультациялары көрсетіліп, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді.