Батима Севкраевна Абилькаирова СҚО Әділет департаментінің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы - аға сот орындаушысы

Батима Севкраевна Абилькаирова СҚО Әділет департаментінің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы - аға сот орындаушысы

Батима Севкраевна Абилькаирова 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы, Мамлют қаласында  дүниеге келген.

Б.С. Абилькаирова өз әділет органдарындағы еңбек жолын 2007 жылдың ақпан айынан Мамлют сот орындаушыларының аумақтық учаскесінің сот орындаушысы лауазымынан бастады.

2013 жылдың маусым айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «Мамлют ауданының сот орындаушыларының аумақтық бөлімі» филиалының аумақтық бөлім басшысы – аға сот орындаушысы болып тағайындалды.

2019 жылғы шілде айында қызметін «СҚО Мамлют ауданы әкімінің аппараты» бөлімінің басшысы лауазымында жалғастырды.

2020 жылдың шілде айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «№4 ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының аумақтық бөлім басшысы – аға сот орындаушысы лауазымына тағайындалды.

2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін  СҚО Әділет департаментінің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы - аға сот орындаушысы болып жұмыс істейді.

Жалпы еңбек өтілі 34 жылдан астам, әділет органдарындағы еңбек өтілі                  14 жылдан асады.  

Әділет органдарында жұмыс істеген уақытында өзін білікті, сауатты, жауапты, орындаушылық қабілеті жоғары басшы, тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті. Ол табандылық танытып, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады. Алған білімі мен тәжірибесін қызметтік міндеттерін сапалы орындауға бағыттайды.

Кәсібилігі, жауапкершілігі, қағидатшылдығы және өз ісіне адалдығы Б.С.Абилькаироваға кез келген күрделі міндеттерді  өз деңгейінде орындауға мүмкіндік береді. Әрбір орындалған сот актісінің артында заңнаманы терең білуді, табандылықты және күрделі жағдайларда шешім таба білуді талап ететін қажырлы еңбек жатыр.

Қол жеткізген жетістіктері және мінсіз қызметі үшін Б.С. Абилькаирова бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен, сондай-ақ ведомстволық наградаларымен марапатталған.