
2026 жылғы 20 мамырда «СҚО Әділет департаменті» РММ-нің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Ж.Б. Исаканова СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы аудан ПБ учаскелік полиция инспекторы Д.С. Шупановпен бірлесіп, «Заң және Тәртіп» нарративі аясында Червон ауылдық округі, Червонное ауылында халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, заңгерлік көмек көрсетілді.