2026 жылғы 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласын бақылау және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу бөлімінің бас маманы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару, МИБ пен ПИК қызметі мәселелеріне арналған «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» форум-семинарына қатысты.

Форум аясында тұрғын үй қорын басқару жүйесін жетілдіру, МИБ пен ПИК жұмысының ашықтығын арттыру, тұрғын үй иелерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ өңірдің коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, «AMANAT» партиясының хатшысы Александр Данилов, мемлекеттік органдардың өкілдері, коммуналдық қызмет мамандары, мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатысты.

Форум қатысушылары заңнамадағы өзгерістерді, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың тәжірибелік мәселелерін, тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық сала жұмысының тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.