
Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім басшысы полиция департаментінің өкілімен бірлесіп «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да «Киберқауіпсіздік және контрафакт: заманауи сын-қатерлер мен күрес стратегиялары!» тақырыбында семинар өткізді. Аурухана қызметкерлеріне контрафактілік өнімдерді алу фактілері туралы айтылды, біздің облыста мысалдар көрсетілді. Полиция өкілі алаяқтардың амалынан қалай сақтану керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, кездесуді ерекше нәтижелі етті.