
Жұмыс тобының құрамына Солтүстік Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының жеке нотариусы, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, жеке сот орындаушысы, сондай-ақ Әділет департаментінің қызметкерлері кірді.
Кездесу барысында сотталған азаматтарға білікті заң көмегі көрсетілді. Олар әртүрлі құқықтық бағыттар бойынша сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды: сенімхаттарды нотариаттық рәсімдеу, атқарушылық іс жүргізу мәселелері (оның ішінде жалақыдан берешекті ұстап қалу), сондай-ақ АХАТ органдарына қатысты мәселелер мен жазаны өтеу шарттарын өзгерту тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.