«Лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтарды беру мен олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер. Борышкерді іздестіру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізілді.

«Лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтарды беру мен олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер. Борышкерді іздестіру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізілді.

06.03.2026 ж. «№3 ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы СҚО Аққайың ауданында «Amanat» партиясының алаңында жастар ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен «Лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтарды беру мен олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер. Борышкерді іздестіру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында борышкер дәлелді себептерсіз атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда:
— жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
— заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
— мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша,

сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек қалыптасқан жағдайда, борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу, сондай-ақ бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттардың және арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс енгізетіні түсіндірілді.

Сонымен қатар борышкерді іздестіруге жариялау тәртібі түсіндірілді. Борышкердің тұрған жері белгісіз болған жағдайда, сот орындаушысы атқарушылық құжатты орындау орны бойынша прокуратура органдарына борышкерді ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі арқылы іздестіруге жариялау туралы қаулымен жүгінеді.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.