Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Жансұлу Жансұлтанқызы Байжанова.

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Жансұлу Жансұлтанқызы Байжанова.

Жансұлу Жансұлтанқызы Байжанова 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Арал-ағаш ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2010 жылдың қазан айында Аққайың ауданының білім бөлімінде бухгалтер қызметінен бастаған.
2012 жылдың тамыз айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында маман болып жұмыс істеді.
2014 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарады.
Әділет органдарындағы еңбек өтілі – 11 жыл 8 ай.
Мемлекеттік қызметті атқару кезеңінде өзін жауапты, білікті және тәртіпті маман ретінде көрсетті. Қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындайды. Жоғары деңгейдегі кәсіби дайындыққа ие, біліктілігін үнемі арттырып отырады, жұмыс процесін тиімді ұйымдастырып, әділет органдарының қызметін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.
Адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін басшылықтың алғыс хаттары және грамоталарымен марапатталған.