Аға сот орындаушысы Галиева А. «Коммунстрой Сервис» ЖШС қызметкерлерімен «Сот актілерінің міндеттілігі» тақырыбында семинар өткізді.

Аға сот орындаушысы Галиева А. «Коммунстрой Сервис» ЖШС қызметкерлерімен «Сот актілерінің міндеттілігі» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы нормаларына ерекше назар аударылды. Аталған заң сот шешімдерін мәжбүрлеп орындау тәртібін, атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ сот актілерін орындамаған жағдайда қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейді.
Семинар барысында төмендегі мәселелер жан-жақты қарастырылды:
• атқарушылық құжат талаптарын ерікті түрде орындау мерзімдері;
• борышкердің ақшалай қаражаты мен мүлкіне өндіріп алу тәртібі;
• орындауды қамтамасыз ету шаралары (мүлікке тыйым салу, шектеулер, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу);

Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық сауаттылықты арттыруға, сот шешімдеріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және атқарушылық іс жүргізу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.