Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Петропавл қаласында борышкерлерді жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша жұмыс кездесуіне қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Петропавл қаласында борышкерлерді жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша жұмыс кездесуіне қатысты.

2026 жылғы 18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Петропавл қаласының прокуратурасы ұйымдастырған жұмыс кездесуге қатысты.

Кездесуге Петропавл қаласы Полиция басқармасының анықтау органдарының өкілдері, Солтүстік Қазақстан облысының Өңірлік палатасы, жеке сот орындаушылары және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.

Іс-шара барысында борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында мәжбүрлеп әкелу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139 және 430-баптарына сәйкес борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.