М. Жұмабаев ауданы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірлескен рейд өтті.

М. Жұмабаев ауданы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірлескен рейд өтті.

М.Жұмабаев ауданының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға салынған әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін арттыру, жазаның бұлтартпаушылық қағидатын сақтау мақсатында 2026 жылғы 19–21 ақпан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

2026 жылғы 19 ақпанда полиция бөлімінің қызметкерлері аудан прокуратурасының қызметкерлерімен, «СҚО Әділет департаменті» РММ «Сот актілерін орындау жөніндегі №1 ауданаралық аумақтық бөлім» филиалының басшысы Жанат Нугумановпен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, айыппұлдарды уақтылы төлемеу салдары туралы хабарламалар мен түсіндірмелер беру мақсатында борышкерлердің тұрғылықты жерлері бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.