
«Заң мен тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы, СҚО ДП киберқылмыспен күрес бөлімінің өкілі және жастар ресурстық орталығымен 5 ақпанда «Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК оқытушыларына арналған сұхбат алаңын өткізді. Кездесудің мақсаты зияткерлік меншік мәселелерінің маңыздылығын жеткізу, алаяқтық схемалардан қорғау, сондай-ақ Конституцияның негізгі өзгерістерімен таныстыру болып табылады.
Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.