
2026 жылғы 21 қаңтарда «№ 2 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Мамлют аудандық филиалының қызметкерлеріне арналған «Атқарушылық құжат негізінде өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау мемлекеттік қызметін көрсету, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту» дәріс өткізді.
📌 Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, оны көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ «Атқарушылық құжат негізінде өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызмет стандарты туралы бұйрыққа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту және атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту негіздері түсіндірілді.
Дәріске қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.