
2025 жылғы 23 желтоқсанда құқық бұзушы Ж.-ның мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «№4 ауданаралық аумақтық атқарушылық қызметі» филиалының басшысы Б.С. Әбілқайыровамен заттарды және құқық бұзушылық туралы құжаттарды қабылдау-тапсыру жұмыстары жүргізілді. Аталған заттар «Көкшетау» РМУ ГНПП Арықбалық филиалына кейіннен мемлекет кірісіне айналдыру үшін қолхат арқылы тапсырылды.