
«Заң және Тәртіп» нарративі аясында «СҚО Әділет департаменті» РММ-нің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Ж.Б. Исаканова Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық ІІБ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының инспекторы С.М. Муқановамен бірлесіп, полиция бөлімінде профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылармен зорлық-зомбылықтың барлық түрлері бойынша, оның ішінде құқық бұзушылықтың қайталануы үшін көзделген жауапкершілік, қолданылатын жаза, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша сот актілерін орындау мәселелері жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.