
Абилькаирова Батима Севкраевна 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы бастап, 2002 жылдың шілде айына дейін Мамлютка қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарған.
2002 жылғы тамыз айынан 2007 жылғы 1 ақпанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісі жанындағы Мамлют аумақтық сот орындаушылары бөлімінде экспедитор қызметін атқарды. 2007 жылғы 31 қаңтарда мемлекеттік қызметке орналасуына байланысты жұмыстан босатылды.
2007 жылғы 1 ақпаннан 2013 жылғы мамыр айына дейін Мамлют аумақтық сот орындаушылары бөлімінде сот орындаушысы болып жұмыс істеді.
2013 жылғы маусым айынан 2019 жылғы шілде айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мамлют аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы қызметін атқарды. Басқа басшылық мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстан шықты.
2020 жылғы шілде айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлім» филиалында бөлім басшысы – аға сот орындаушысы болып қызмет атқарды. Филиалдың қайта атауына байланысты 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалында бөлім басшысы – аға сот орындаушысы лауазымында жұмыс істеп келеді.
Сот органдарындағы еңбек өтілі 18 жылдан асады, жалпы еңбек өтілі 30 жылдан астам. Сот органдарындағы қызметі барысында өзін адал, жауапты әрі білікті маман ретінде танытып, кәсіби деңгейін үнемі арттырып келеді, жас мамандармен тәжірибесімен бөліседі. Қызметтік міндеттерін абыроймен атқарғаны үшін бірнеше рет марапатталған:
2016 жылы «ЗАҢГЕР» III дәрежелі ведомстволық төсбелгісімен,
2020 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің грамотасымен,
2022 жылы «Әділет органдары қызметінің үздігі» төсбелгісімен,
2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алғыс хатымен,
2025 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің грамотасымен марапатталған.