
«Заң және Тәртіп» нарративі аясында 2025 жылғы 26 қарашада нотариус Пыльская Н.В., адвокат Калиева А.М. және мәжбүрлеп орындату жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімнің №2 бөлімінің аға сот орындаушысы Байтеленов М.С. Аққайың ауданының Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету акциясын өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тәртібі мен тетіктері түсіндірілді.