ҚР Қаржы министрлігінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде «Жалған өнімдерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізілді.

ҚР Қаржы министрлігінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде «Жалған өнімдерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізілді.

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі басшысы ҚР Қаржы министрлігінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде «Жалған өнімдерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараға Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері де қатысып, онлайн сатып алудағы алаяқтық және қаржылық қауіпсіздік мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – тыңдаушылардың алаяқтардан қорғану тәсілдері туралы хабардарлығын арттыру және жалған өнімдерді тану дағдыларын қалыптастыру болды. Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілді. Семинар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.