2025 жылғы 11 қазанда «Тәуелсіз республикалық палата» мен «Zanger» палатасының заң консультанттары халыққа арналған «Тегін заң көмегі» акциясын «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өткізді.
Азаматтар өзекті құқықтық сұрақтарын қойып, білікті кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланып, азаматтардың қолайлылығы үшін әзірленген чат-боттың артықшылықтары түсіндірілді.