2025 жылдың 10 қазанында «СҚО Әділет департаменті» РММ-нің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Исаканова Ж.Б. жеке сот орындаушысы А.Ж. Мукашевамен бірлесіп, мемлекеттік кепілдік берілген заң көмегін көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізді.
Азаматтарға атқарушылық іс жүргізу саласындағы құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді. Сондай-ақ цифрлық көмекші – чат-ботты пайдалану тәртібі түсіндірілді.