2025 жылғы 29 тамыздағы Әділет министрінің бұйрығымен заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

2025 жылғы 29 тамыздағы Әділет министрінің бұйрығымен заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Соған сәйкес, мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру түрінде көрсету заң консультантымен тікелей жеке тұлға жүгінген сәтте немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру түрінде көрсетпестен бұрын заң консультанты құқықтық кеңеске жүгінген тұлғаға құқықтық мәселелер бойынша автоматтандырылған көмекшіні пайдалануды ұсынады.
Жеке тұлғаға тікелей жүгінгеннен кейін бірден заң көмегін көрсету мүмкін болмаған жағдайда, ол үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілуге тиіс. Заң консультанты жеке тұлғаны қабылдау күні мен уақыты туралы қолжетімді түрде хабардар етеді.
Құқықтық кеңес беру ауыр науқасқа, жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтағы мүгедектікке немесе өзге де мән-жайларға байланысты заң консультанты белгілеген қабылдау орнына келе алмайтын жағдайда, жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша өткізіледі.
Бір мәселе бойынша тұлға мемлекет кепілдік берген заң көмегін бір рет ала алады.
Құқықтық кеңес беру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдау өтініш берушінің (жеке тұлғаның) құқығы болып табылады.
Сонымен қатар, мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру, қорғау және өкілдік ету түрінде көрсету мынадай жағдайларда көрсетілмейді:
• өтініш беруші (жеке тұлға) Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар санатына жатпайды;
• өтініш берушінің өтініші құқықтық сипатқа ие емес.

‼️Бұйрық 2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.