2025 жылғы 14 тамызда ҚР Әділет министрлігі СҚО Әділет департаментінің «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Ж. Исаканова сот қаулысына сәйкес азамат З.-дан тәркіленген 585 дана алкогольдік өнімді тәркіледі.
Тәркіленген алкогольдік өнімдер ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №404 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органға берілді.